БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетімен бірдей.

Осындай нормалар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодекстің 138,145-баптарында қарастырылған.

Тәжірибеде, аталған заң нормалары көптеген жағдайда орындалады.

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына қамқорлық жасауға міндетті. Бұл аксиома.

Ата-аналар балаларына қамқорлық жасау түрлерін өздері таңдайды.

Өкінішке орай, көптеген жағдайларда ата-аналар келісе алмағандықтан, алимент өндіріп алу сұрағы сот тәртібінде қаралады.

Облыс бойынша алимент алатын 9 289 бала және 22 қарт ата-ана бар.

Қасақана алимент төлемейтін 291 тұлға бар, оның ішінде 11-і әйел, олардың алимент бойынша жалпы борышы 320 млн. теңгені құрайды.

ҚР ӘҚБтК 669-бабы 1-бөлігі бойынша 85 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша барлығы 6 тұлға тартылды.

Алимент бойынша 55 борышкерге іздестіру жарияланды, 11-нің мекенжайы анықталды, 44-і бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Сот орындаушылар бюджетті 1,3 млрд. теңгеге толтырды.

Қадағалау шараларымен мемлекет пайдасына көлемі 249,3 млн. теңге өндірілді.

Алай да, өндіріп алуды мүлікке айналдыру бойынша шаралар қабылдамау фактілері де орын алған. 

Міндетіне немқұрайлы қараған 69 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге жиында сот актілерін орындау жұмысындағы кемшіліктер, мемлекеттік және өкілетті органдардың өзара әрекеттесу сұрақтары талқыланды. 

  

Солтүстік Қазақстан облыс

прокуратурасы