БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2022 жылғы 1 маусымда "Amanat" партиясының Тайынша аудандық филиалында үкімдерді орындау және сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің проблемалық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары А.А. Саттар, Тайынша ауданының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары,  басқа да мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысты.

Мұндай кездесулерді өткізу қазіргі таңда өзекті болып табылады, себебі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды қолдану ол түзеу процесінің маңызды кезеңі және сотталғандардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын тиімді ынталандыру болып танылады.

Аталған кездесуде қатысушылар арасында сындарлы диалог жүргізілді, проблемалық мәселелерімен мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимылы талқыланды, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша нақты шаралар әзірленді.

                                                        Тайынша ауданының прокуратурасы