Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі

Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 25 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 2020 жылғы 6 маусымнан бастап күшіне енді.

Ол бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін өзгертті,  жаңа Заң қабылданғанға дейін «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы қолданыста болған.

 Егер бұрын бейбіт жиналыстарды өткізу үшін сәйкес әкімдіктерге өтініш беру талап етілсе, бүгінгі күні акция хабарлама жасау  тәртібінде, яғни бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама беріледі.

Хабарлама  беру және қарау  мерзімдері бойынша да өзгерістер бар.

Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны  Заңның 10 және 11 баптарына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді. Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға хабарлайды.  Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы).

Демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға хабарлайды (Заңның 12,13-баптары).

Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады (Заңның 9-бабы).

Жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындайды.

Өзінің интернет-ресурсында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың тізбесін, сондай-ақ олардың бос-бос еместігі туралы ақпаратты орналастырады;

 Пикеттеуді өткізуге  жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда,  қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Сонымен бірге, Заңда бейбіт жиналыстар  және оны өткізу түрі (пикеттер, шерулер және т.б.), қатысушылар мен ұйымдастырушылар, сонымен бірге олардың құқықтары мен міндеттері туралы ұғымдар пайда болды.

Осымен бірге, Заңда  журналистің құзыры анықталды (Заңның 7-бабы), ол өзінің қызметін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылардың  әрекеттеріне кедергі келтірмей жүзеге асыруға міндетті. Заңның 14-бабында бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартудың барлық жағдайлары көрсетілген (мысалы: бейбіт жиындар арнайы  бөлінген орындарда өткізілуі тиіс).

Сонымен бірге,  заңнамамен бейбіт жиындарды өткізу уақыты шараны өткізетін күнгі таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 20-ға дейін анықталған. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 488-бабы бойынша мерзімі 15 тәулікке дейін  әкімшілік қамауға алу түрінде  жауапкершілік қарастырылған.

Егер  бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiрсе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚК-тің 400-бабы).

 

                                          Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы