Солтүстік Қазақстан облысының орталығында полицияның учаскелік инспекторы өлтірілді

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында полицияның учаскелік инспекторы өлтірілді

            Учаскелік полиция инспекторының мәйіті, 1990 жылы туған(Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген) кеудеге келтірілген пышақ жарақаты белгілерімен қаланың ықшам аудандарының бірінде өзінің үйінде анықталды.

Аталған факті бойынша Петропавл қаласының ПБ Тергеу Басқармасымен сол күні тіркеліп ҚР ҚК-нің 99-б.1-б. бойынша, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.   

Аталған фактіні Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында растады және пікір білдірді.

 Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов осы іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ аталған қылмыстың  оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін түсіндірді. Тергеушілердің негізгі нұсқасы бойынша  бұл кісі өлтіру ұрыс және жағымсыз қарым-қатынас  негізінде орын алған.

Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар ретінде  жәбірленушінің әйелі тергелуде.  Қазіргі уақытта іс бойынша барлық жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазір тергеу қорытындылары туралы  тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды.

Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды.

Сонымен бірге, қылмыстық процестің үш буынды моделіне өту шеңберінде, прокурорлар тергеушілердің  барлық түйінді  шешімдерін келісіп және бекітіп қана қоймай, ағымдағы жылғы қаңтар айынан бастап өз беттерінше барлық ерекше ауыр қылмыстар, оның ішінде кісі өлтіру  бойынша айыптау актілерін құрастырады.

                                         Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы