Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң керуені» онлайн-акциясын өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң керуені» онлайн-акциясын өткізді

2021 жылғы 21 қазанда «Фейсбук» платформасында Елбасының Жолдауын, Бас прокуратурамен қойылған міндеттерді  жүзеге асыру шеңберінде Мәңгілік Ел «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Акция шеңберінде облыс тұрғындарынан 200-ден астам сұрақ түсті, оның көбіне прокурорлармен жауап берілді, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді, шешімі ұзақ уақытты талап ететін сұрақтар оларды шешудің нақты мерзімдерімен бақылауға алынды.

Онлайн-акция шеңберінде облыс тұрғындары үшін жер қатынастары саласында, жылу-сумен қамту, құрылыс және жолдарды жөндеуге, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға, апат қоқыс орындары және т.б. қатысты сұрақтардың проблемалы екендігі анықталды.

Бұдан былай Акцияны тоқсанына 1 рет өткізу жоспарланды.