Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Журналист - өте маңызды, қызықты және күрделі мамандық, ол терең білімді, эрудицияны ғана емес, ерекше талантты қажет етеді.

Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында көптеген адамдар облыстың барлық оқиғалары туралы хабардар бола алады. 

Кәсіби мереке күні Сіздерге жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз.

Шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық жобалардың сәтті жүзеге асуына шын жүректен тілектеспіз.

Сіздерге және жақындарыңызға бақыт пен амандық тілейміз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

прокуратурасы ұжымы