Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы баспасөз ақпараты

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы баспасөз ақпараты

2021 жылғы 26 мамырда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов  жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Қадағалау органының басшысы облыстың құқық қорғау және арнайы органдарының басшыларымен  кеңес өткізді, қадағалаушы прокурорлармен қылмыстық істер бойынша негізгі процестік шешімдерді келісу барысын және оларды орындағанда туындайтын сұрақтарды талқылады.

Бұл қылмыстық саланы жаңарту бойынша Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде  Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінің үш буынды жаңа моделіне өтудің бастап кезеңі болып табылады.

Келісудің  жаңа рәсімдері және негізгі процестік шешімдерді бекіту прокурорға тергеудің бастапқы сатысында жиналған материалдарды  есепке ала отыра тәуелсіз құқықтық баға беруге мүмкіндік береді, азаматтардың құқықтарын бұзудың алдын алу және адал азаматтарды  қылмыстық тергеу орбитасына тартуға жол бермейді.

Бас Прокурор кездесу барысында прокурорлардың  және тергеушілердің жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында қызметкерлер практикалық тәжірибе және қылмыстық істерді тергеудегі  өзара әрекеттестік, сонымен бірге негізгі процестік шешімдерді келісу туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.