Газбен жабдықтау қызметіне тарифтің көтерілуіне жол берілген жоқ

Газбен жабдықтау қызметіне тарифтің көтерілуіне жол берілген жоқ

Облыс прокуратурасы 2021 жылға арналған газбен жабдықтау қызметіне тариф белгілеу бойынша жағдайды талдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) мекенжайына топтық резервуарлық қондырғылар (шығ. 2021 жылғы 26 ақпандағы № 90) арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бойынша көрсетілетін қызметке шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы «Горгаз – сервис» ЖШС-нен хабарлама келіп түсті.

«Горгаз-сервис» ЖШС-нің көрсетілген хабарламасына сәйкес газбен жабдықтау қызметіне тарифтің өсуі 2021 жылға 17,8% құрайды (қолданыстағы баға - 466,3 теңге/м3, жобаланатын баға - 549,5 теңге/м3).

Талдау қорытындысы бойынша Департаменттің атына газбен жабдықтау қызметіне тарифтің көтерілуіне әсер ететін шығыстар сомасын «Горгаз-сервис» ЖШС артық қосу фактілері көрсетілген ұсыну енгізілді.

Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша тарифтің 17,8% - дан 9,94% - ға дейін өсуіне жол берілмеді. 56 500 абонентке қатысты тарифті 36,9 теңге/м3 немесе 7,86% - ға арттыруға жол берілген жоқ.

 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы