Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық кәсіпорынға ағынды суларды заңсыз ағызып жібергені үшін 174 млн теңге айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық кәсіпорынға ағынды суларды заңсыз ағызып жібергені үшін 174 млн теңге айыппұл салынды

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау шеңберінде Петропавл қ. коммуналдық кәсіпорынның ағынды суларды заңсыз ағызып жіберу түрінде экологиялық заңнаманың бұзушылықтарын анықтады.

Осыған байланысты, облыстың Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) прокуратураның талабы негізінде тексеру жүргізді, оның барысында рұқсат беру құжаттамасында көзделмеген ағынды суларды ағызуды жүзеге асыруда көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталды.

Департамент тексеру нәтижелері бойынша Коммуналдық кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

2026 жылғы 14 тамыздағы сот қаулысымен коммуналдық кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-б. 1-б. бойынша 174 млн теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Экологиялық заңнам бұзушылықтадын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Қадағалау органы жеке және заңды тұлғаларға экологиялық заңнаманың талаптарын және оларды бұзғаны үшін заңда көзделген жауапкершілікті сақтау қажеттігін еске салады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.