Қауіпсіз жол- ережелерді сақтаудан басталады

Қауіпсіз жол- ережелерді сақтаудан басталады

2026 жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде кезекті «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты-балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оқушыларда жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру.

Прокуратура полиция және білім беру органдарымен бірлесіп, жалпы саны 200 адамды қамтыған ата-аналар комитеттерінің төрағаларымен кездесулер өткізді. Ата-аналарға балалардың жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттілігі және қауіпсіздік мәселелерінде жеке үлгінің маңыздылығы еске салынды.

Кездесу барысында жасөспірімдер қылмысы мен буллингтің алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі мәселелері де қозғалды.

Оқушылар үшін практикалық сабақтар өткізілді, онда нақты мысалдар арқылы балаларға жолды қалай дұрыс және қауіпсіз кесіп өту, жолдағы жағдайды бағалау және қауіпті жағдайлардан аулақ болу керектігі көрсетілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Балалардың жолдардағы қауіпсіздігі мемлекеттік органдардың, ата-аналардың және жол қозғалысына қатысушылардың өздерінің тұрақты назарын талап етеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.