22.09.2026 жылғы құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету қағидатын іске асыру шеңберінде кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама нормаларын жедел түсіндіруге, сондай-ақ азаматтарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Іс-шара барысында облыс тұрғындары еңбек және әлеуметтік құқықтар, жер және тұрғын үй қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, отбасылық заңнама, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібіне қатысты мәселелер бойынша консультациялар алды.
Прокурорлар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп қана қоймай, азаматтарға нақты өмірлік жағдайларды шешу үшін одан әрі қандай іс-қимыл жасау қажеттігін айқындауға практикалық көмек көрсетті.
Қосымша қарауды талап ететін өтініштерге ерекше назар аударылды. Кездесулер қорытындысы бойынша жекелеген мәселелер бақылауға алынып, азаматтарға уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті және өз құқықтарын қорғау тәртібі түсіндірілді.
Мәселен, акция барысында прокурорларға әлеуметтік төлем алуда қиындықтарға тап болған және өз құқықтарын қорғау үшін қай мемлекеттік органға жүгіну қажеттігін білмеген азамат жүгінді.
Өтініш берушіге тиісті төлемді алу тәртібі түсіндіріліп, өтінішті дұрыс ресімдеуге және оны одан әрі қарау тәртібін айқындауға практикалық көмек көрсетілді.
«Құқықтық дәріхана» – азаматтарға тікелей жүгінген жерінде артық формальдылықтарсыз және уақытты көп жоғалтпай, білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.
Осындай акцияларды тұрақты негізде өткізу жалғастырылатын болады.
Акция барысында барлығы 125 азамат қабылданды. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары шеңберінде 3 100-ден астам азамат қабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін одан әрі пайдалануға шақырады, акция әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.