Солтүстік Қазақстан облысында студенттерге киберқылмыстар бойынша жауапкершілік түсіндірілді

Солтүстік Қазақстан облысында студенттерге  киберқылмыстар бойынша жауапкершілік түсіндірілді

2026 жылғы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттеріне «Киберқылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылық» тақырыбында профилактикалық дәрістер өткізді.

Іс-шараға 800-ге жуық студент қатысты.

Кездесу барысында қылмыстық заңнама нормалары және киберқылмыстар үшін жауапкершілік, интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, сондай-ақ азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәсілдері түсіндірілді.

Дропперлікке ерекше назар аударылды. Студенттерге банк карталары мен шоттарын үшінші тұлғаларға берудің, сондай-ақ заңсыз қаржылық схемаларға қатысудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам алаяқтық фактісі және дропперліктің 200-ге жуық фактісі тіркелді. Құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғандардың арасында оқу орындарының студенттері де бар.

Іс-шара соңында қатысушылар интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық және құқыққа қайшы әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыс жалғастырылатын болады.

                                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.