Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары колледж студенттері арасында «Ұрпақтар көпірі» акциясын өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары колледж студенттері арасында «Ұрпақтар көпірі» акциясын өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж студенттерімен «Ұрпақтар көпірі: түсіну, тыңдау, жеткізу» тақырыбына кездесу өтті.

Кездесу барысында әртүрлі ұрпақ өкілдері арасындағы қарым-қатынас, өмірлік тәжірибенің маңызы және оны жастарға жеткізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар құқықтық мәдениет пен жеке жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге заңды сақтау күнделікті іс-әрекеттерден, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуден, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің ықтимал салдарын бағалай білуден басталатыны түсіндірілді.

Іс-шараға 300-ге жуық студент қатысты.

Кездесу соңында ұрпақтар сабақтастығының негізі – өзара құрмет, бір-бірін тыңдауға дайын болу және ұрпақтан ұрпаққа берілетін жауапкершілік екені атап өтілді.

                                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.