СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді және келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауын анықтады

СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді және келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауын анықтады

Жүргізілген талдау жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін және жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы анықтады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 7 тамызында Петропавл қаласының маңында кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарын бұзумен, арнайы техниканы қолдана отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды (сазды) заңсыз өндіруді жүзеге асырған. Шығарылған топырақ көлемі 50 тонна болды.

Бұл факт Петропавл қ. полиция басқармасының АЕК-де тіркеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық Экология департаментіне (бұдан әрі - Департамент) жіберілді.

Департаменттің 2026 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар 2024–2025 жылдары 11 жер қойнауын пайдаланушы Кодекс талаптарына қайшы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жалпы сомасы 10,5 млн теңгеге қаражат аудармаған.

Басқа жағдайда, жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыратын 26 субъект салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 29 млн теңге қол қою бонусын төлемеген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 18 млн теңге өндірілді, қалған соманы өндіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау органы жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін заңда белгіленген жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

                                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.