Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

2026 жылғы 13 тамызда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстың қадағалау органының бастамасымен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» акциясы өткізілді.

Атап айтқанда, облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жер қойнауын пайдаланушы «Шунгит майнинг» ЖШС өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың тәрбиеленуіне, дамуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайтын Балаларды қолдау орталығына спорттық құралдар мен мұздатқыш жабдығын табыстады.

Сондай-ақ қызметі мүгедектігі бар балаларды дамытуға, оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған «Көмек» тренинг-орталығына жер қойнауын пайдаланушы «Есіл өзені флоты басқармасы» ЖШС велотренажер, гантельдер, үстел теннисіне арналған жиынтықтар, эспандерлер және жаттығу құралын табыстады.

Жер қойнауын пайдаланушы «TFA Group» ЖШС екі көпбалалы отбасына кеңсе тауарлары мен мектеп сөмкелерін сатып алуға көмек көрсетті.

Көрсетілген көмек балалардың жағдайларын жақсартуға, дамыту және спортпен шұғылдану  мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қоғамда өзара көмек көрсету және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тайынша ауданында «Фауна», «Южное» және «Таң» шаруа қожалықтарының демеушілік қаражаты есебінен «Краснополянская орта мектебі» КММ үшін мектеп қоршауы сатып алынып, орнатылды.

Петропавл қаласында «Құрылыс Сервис СК» ЖШС өз қаражаты есебінен арнайы техниканы пайдалана отырып, Заречный кентіндегі 3 апаттық қоқыс үйіндісін жою жұмыстарын жүргізді. Осылайша, қаланы абаттандыруға және аумақтың санитариялық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Жүргізілген жұмыстар салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

Аталған іс-шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы әріптестікті дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек көрсету және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.