Солтүстік Қазақстан облысында «Нашақорлыққа жол жоқ!» есірткіге қарсы акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Нашақорлыққа жол жоқ!» есірткіге қарсы акциясы өтті

2026 жылғы 10 тамызда Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында кезекті «Нашақорлыққа жол жоқ!» есірткіге қарсы акциясы өтті.

Акцияға прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және волонтерлер қатысты.

Кәмелетке толмағандардың есірткіге әуестенуінің және олардың интернет арқылы есірткі өткізумен айналысуға тартылуының алдын алуға ерекше назар аударылды. Бүкіл облыстың мұғалімдері мен білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары алдында жасөспірімдерді тартудың қазіргі заманғы тәсілдері, белгілері, тәуекелдері және мұндай фактілерге ден қою тәртібі түсіндірілді.

Өңірде профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Соңғы екі жылда есірткі жарнамасы бар 2 000-нан астам граффити анықталып, жойылды, есірткі құралдарын заңсыз өткізумен байланысты 1 500-ден астам интернет-ресурсқа қолжетімділік шектелді.

Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары интернет-есірткі дүкендерінің қызметінде пайдаланылған 2 000-нан астам банктік шотты да бұғаттады. Осы шоттарда 60 млн теңгеден астам ақша қаражатына тыйым салынды.

Өткізілген акция жүйелі ведомствоаралық жұмыстың кезекті кезеңі болып табылады. Профилактикалық іс-шаралар, заңсыз интернет-контентті анықтау және есірткі бизнесінің қаржылық арналарының жолын кесу жалғасатын болады.

                                  Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.