Менің таңдауым – есірткісіз өмір

Менің таңдауым – есірткісіз өмір

Уәлиханов ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, аудан жастарымен «Менің таңдауым – есірткісіз өмір» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы сана қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында есірткі заттарын қолданудың салдары туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

Солтүстік Қазақстан облысының

прокуратурасы