
2026 жылғы 14 шілдеде «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында Петропавл қаласында және облыстың 13 ауданында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Акция барысында кез келген ниет білдіруші өзін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алды.
Ашық қабылдау форматы тұрғындарға прокуратура қызметкерлеріне тікелей жүгінуге, заңнама талаптары бойынша түсініктеме алуға және өз құқықтарын қорғау үшін қандай қадамдар жасау керектігін білуге мүмкіндік береді.
Мәселен, Петропавл қаласының тұрғыны алимент өндіріп алу мәселесі бойынша кеңес сұрады. Прокуратура қызметкерлері сот шешімін орындау тәртібін, өндіріп алушының құқықтарын және борышкерге ықпал етудің ықтимал шараларын түсіндірді.
Тағы бір мысал, Ғ. Мүсірепов ауданның тұрғынына акция барысында аудандық мансап орталығы арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.
Тайынша ауданынының тұрғынына «Рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері, оны қолдану тәртібі мен шарттары, рақымшылыққа ілігетін адамдар санаттары түсіндірілді, сондай-ақ жаза мерзімін қысқарту және рақымшылық актісін қолдану туралы сотқа жүгіну тәртібі бойынша кеңестер берілді.
Есіл ауданында прокурорлар скутерлерді (мопедтерді) пайдалану саласындағы заңнама талаптарын, оның ішінде қажетті құжаттар тізбесін, көлік құралын мемлекеттік тіркеу тәртібін, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуына, көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарды, сондай-ақ көлік құралдарын қажетті құжаттарсыз немесе заңнама талаптарын бұза отырып басқарғаны үшін жауапкершілік түсіндірді.
Сондай-ақ, азаматтарды мұрагерлікті рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй қатынастары, еңбек заңнамасы және сот актілерін орындау мәселелері қызықтырды. Әрбір келушіге қажетті құқықтық көмек көрсетілді, ал қосымша тексеруді қажет ететін жекелеген өтініштер бақылауға алынды.
«Құқықтық дәріхана» акциясы тұрақты негізде өткізіледі және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша прокуратура жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Басты міндет – азаматтарға құқықтық мәселелерді уақытылы шешуге көмектесу, заң бұзушылықтардың алдын алу және заңгерлік көмекті әрбір адам үшін барынша қолжетімді ету.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 26 акция өткізіп, 2 мыңнан астам азамат қабылданды.
«Құқықтық дәріхана» өз жұмысын жалғастыруда – әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.