
2025 жылдың қазан айында Петропавл қаласындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы әзілмен, бомба қойылғаны туралы жедел қызметіне қоңырау шалған.
Бұл оқу процесінің бұзылуына және оқушылардың алаңдаушылығына әкелді.
Мектеп ғимаратын арнайы қызметтер тексергеннен кейін ақпарат расталмады.
Қала прокуратурасымен кәмелетке толмағанға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша, атап айтқанда, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру бойынша айып тағылды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оқушыны кінәлі деп танып, жазасын өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Прокуратура органдары терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін, төтенше жағдайлар мен мемлекеттік қызметтердің қалыпты жұмысына кедергі келтіретінін және қаржылық шығындар мен қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.