
Ағымдағы жылдың наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасымен тыйым салынған «КыздарНет» сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға қатысқан трансұлттық ұйымдастырылған топтың 6 қатысушысына айып тағылды.
Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген.
2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «KыздарНет» сайты арқылы сутенерлікпен айналысуға көмектесу және қолдау көрсеткені үшін Республикадағы алғашқы үкім шығарды.
Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды, трансұлттық ұйымдастырылған топтың басшысын 10 жылға, оның қатысушыларының әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.