Бизнесті жүйелі қорғау

Бизнесті жүйелі қорғау

Солтүстік Қазақстан облысында облыс прокуратурасы мен бизнес-қоғамдастық арасында сындарлы диалог жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекенов Облыстың кәсіпкерлер палатасының басшысы Есжан Оразалинмен кездесті.

Кездесуде алдағы уақыттағы негізгі басымдықтар талқыланды, бұл ​құқықтық қорғауды күшейту: әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыру және облыс кәсіпкерлері мен инвесторлар алдында тұрған проблемалық мәселелерді жедел шешу.

​Бірлескен күш-жігер тексерулердің ашықтығын қамтамасыз етуге және бизнесті кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласудан қорғауға бағытталатын болады.

​Кәсіпкерлердің бірлескен қабылдаулары мен бизнес қоғамдастықпен кездесулерін өткізу тәжірибесіне ерекше назар аударылады, осылайша әрбір кәсіпкер білікті құқықтық қолдау ала алады.

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.