Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру аясында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық заңнама талаптарын сақтауға бағытталған бейнеролик дайындалды

Бейнероликте қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрбір азаматтың міндеті екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны, абаттандыру қағидаларын бұзғаны, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін орналастырғаны, сондай-ақ ағаштар мен жасыл желектерді заңсыз кескені үшін заңнамада көзделген жауапкершілікке ерекше назар аударылған.

Қадағалау органы өңір тұрғындарын экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Қоршаған ортаның тазалығы – болашақ ұрпақтың әл-ауқаты мен жарқын келешегінің кепілі.

 Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы