Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

2026 жылғы 30 маусымда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өткізілді.

Осылайша, «KTL Agro Group» ЖШС директоры Уәлиханов ауданының № 1 Кішкенекөл орта мектебіне 2 млн теңге сомасында демеушілік көмек көрсетті. Демеушінің өз қаражаты есебінен мектеп үшін 396 төбелік шам мен 15 көше шамы сатып алынды.

Қызылжар ауданында «Вагулинское СК» ЖШС Кустов ауылдық клубының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, терезелерін, есік блоктарын, еден жабындарын ауыстырды, сондай-ақ жылыту жүйесін жөндеп, сыртқы қабырғалары мен шатырын қаптады.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда «Раисовское» ЖШС директоры футбол стадионын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Оның аясында алаңға тартан жабынын төсеу, тамшылатып суару жүйесі бар шөп егу, LED экран мен футбол қақпаларын орнату жұмыстары қолға алынған.

Жүргізілген жұмыстар оқушылар үшін неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз жағдай туғызып, аталған ауыл тұрғындары үшін абаттандыруды жақсартады және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді.

Іс-шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастықтың серіктестігін дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек көрсету мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Көрсетілген форматтағы жұмыс жалғасады.

Прокуратура Солтүстік Қазақстан облысы