Облыс прокуратурасында жыл басынан бергі жұмыс қорытындылары қаралды

Облыс прокуратурасында жыл басынан бергі жұмыс қорытындылары қаралды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы  кеңейтілген алқа отырысын өткізіп, онда 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстың нәтижелері қаралды.

Облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов атап өткендей-қабылданған үйлестіру шараларының арқасында өңірде қылмыс деңгейінің 14%-ға төмендеуі атап өтілді. Аса ауыр қылмыстар саны 52%-ға, ауыр-6,1%-ға, ауырлығы орташа -13,6%-ға, онша ауыр емес-19%-ға қысқарды. Кісі өлтіру (54%-ға), бопсалау (40%-ға), ұрлық (19%-ға) және бұзақылық (18%-ға) саны айтарлықтай қысқарған.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде заңдылықты нығайту, мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты  қамтамасыз ету, сонымен бірге  сот шешімдерін және атқарушылық өндіріс  заңдылығын қадағалау  тиімділігін  арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Қылмыс профилактикасына, оның ішінде  жобалау қызметі аясында  ерекше назар аударылуда.

Заманауи цифрлық технологиялар-білім, пенитенциарлық жүйе және жол қауіпсіздігі, интернет-алаяқтық  саласында кеңінен пайдалануда.

Халықтың сенімділігін арттыру мақсатында «Құқықтық дәріхана» жобасын іске асыру жалғасуда. Есепті кезеңде 3 мыңнан астам азамат құқықтық көмек алса, өтініштердің жартысы тікелей сол жерде шешімін тапты.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша Петропавл қаласы мен аудандардың прокурорларына нақты тапсырмалар берілді, заңдылықты нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының құқықтарын қорғауға бағытталған одан әрі міндеттер айқындалды.

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.