Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖ мекемелерінде өндірісті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖ мекемелерінде өндірісті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде

Сотталғандарды жұмыспен қамту-бір реттік акция емес, жүйелі жұмыс. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша ҚАЖ департаментімен, «Еңбек-Қызылжар» РМК-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде сотталғандарға  арналған заманауи өндірістік инфрақұрылым дәйекті түрде құрылуда.

№48 және №51 мекемелерде үш өндірістік объект пайдалануға берілді, 92 млн теңге игерілді, 192 жұмыс орны құрылды. «Еңбек» РМК-нің тігін цехы және «Новопэк» ЖШС-мен бірлесіп биг-бэгтер шығаратын екі өндіріс орны бар.

Жұмыс тоқтамайды: №50 мекемеде ауданы 1000 ш.м. жаңа ангар салынуда, ол тағы 60 жұмыс орнын береді.

Іске асырылатын шаралар сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыруға, олардың кәсіби дағдыларды меңгеруіне және табысты қайта әлеуметтенуіне бағытталған.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

                                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.