СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғады

СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғады

Прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Табиғат пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау барысында қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін бюджетке төлемдерді негізсіз енгізу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 637-бабы талаптарын бұза отырып, 2024–2025 жылдары облыстың 1,4 мыңнан астам табиғат пайдаланушысы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 149 млн теңге көлемінде төлем жасаған. Алайда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес олар аталған міндеттен босатылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті субъектілердің берген өтініштері негізінде 6,5 млн теңге сомасындағы қаражатты есепке жатқызуды және қайтаруды қамтамасыз етті. Қалған қаражатты қайтару жұмыстары жалғасуда.

Анықталған заң бұзушылықтарды толық жою мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.

Алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.