
2026 жылғы 16 маусымда облыс прокуратурасының қызметкерлері кезекті апталық «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізді.
Акцияның басты мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.
Жеке консультациялар форматында азаматтар прокурорлардан өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алды, ал жекелеген мәселелер кейіннен шешілуі үшін бақылауға алынды.
Жыл басынан бері өткізілген апталық акциялардың қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының бақылауына тұрғындардың 20-дан астам мәселесі алынып, кейіннен олар бойынша тиісті шаралар қабылданды, 20-дан астам мәселе «орнында қарау» қағидаты бойынша, яғни акция барысында жедел түрде шешімін тапты.
Акция аясында қала тұрғыны өзіне қатысты алаяқтық әрекеттер мәселесі бойынша өтініш білдірді, белгісіз тұлғалар оның анасына несие ресімдеген.
Арыз иесіне сол жерде түсініктеме берілді.
Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бақылауында Петропавл қаласы тұрғындарының 4 мәселесі бар.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 22 акция өткізіп, онда 1400-ден астам азамат қабылданған.
«Құқықтық дәріхана» акциясы өз жұмысын жалғастыруда- сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.