
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ғимаратында облыс прокуроры мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында прокуратура органдары мен университет арасындағы білікті кадрларды даярлау саласындағы өзара әрекеттесуді нығайту, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ бірлескен білім беру және ағартушылық жобаларды, Солтүстік Қазақстан облысының Апаттылық картасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Студенттердің прокуратура органдарында тәжірибеден өтуі, заманауи білім беру технологияларын енгізу, ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және болашақ мамандардың жоғары кәсіби әрі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура органдары мен университет үшін өзара қызығушылық тудыратын бастамаларды іске асыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.