
2026 жылғы 9 маусымда облыс прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Тыныбек Сапаровтың төрағалығымен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан ведомствоаралық кеңес өтіп, онда балалар жарақаттануының алдын алу және балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Іс-шара қолда бар проблемаларды талқылауға және оларды шешудің бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірлеуге бағытталды.
Кеңеске қатысушылар аталған саладағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ оларды құқықтық реттеудің ықтимал тетіктерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға балалар жарақаттануының алдын алуға және олардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.