
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұзу жағдайларына жол беріліп, бұл бизнес қызметіне заңсыз араласудан көрініс тапқан.
Мәселен, облыстың қадағалау органымен тараптар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардың бар екендігіне қарамастан, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру жүргізу туралы заңсыз шешім қабылдау фактісі анықталды.
Прокурордың қаулысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға ӘҚБТК-нің 173-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Басқа жағдайда, екі бизнес субъектісінің мекенжайына тексеруді тіркеусіз профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарламалар жіберілген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған хабарламалар жарамсыз деп танылып, күші жойылды, бұл бизнестің қызметіне негізсіз араласудың алдын алуға мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, прокуратура органдарына, соның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы +7 (771) 362-08-99 телефоны бойынша тікелей өтініш беруге құқылы екендігі түсіндіріледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.