В прокуратуре СКО обсудили вопросы профилактики правонарушений и обеспечения правопорядка

В прокуратуре СКО обсудили вопросы профилактики правонарушений и обеспечения правопорядка

2026 жылғы 8 маусымда облыс прокуратурасы Петропавл қаласы бойынша «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз қала» жобаларын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігі мәселелері бойынша «Саналы ұрпақ», сонымен қатар облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру тиімділігі бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өтті.

Облыс прокурорының орынбасары Тыныбек Сапаров атап өткендей, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау – үлкен жауапкершілікті талап ететін ең маңызды міндет.

Қылмыстың жалпы төмендеуіне қарамастан, облыста тұрмыстық ошақтар, қолайсыз инфрақұрылымдық жағдайлар криминогендік болып қалып отыр, көше қылмысы, халықтың алкоголь ішімдіктерін пайдалануы, жоғары қылмыстық тәуекел объектілеріне жеткілікті алдын алу және бақылау жүргізілмейді.

Кеңесте проблемалық мәселелер қаралды, уәкілетті мемлекеттік органдар мен прокурорларға тапсырмалар берілді.

Екінші мәселе «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру болды. 

 Облыс прокурорының орынбасары Тыныбек Сапаров атап өткендей - Заң мен тәртіп» Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Конституциясында көрсетілген мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі қағидаттарының бірі, бұл идеологияны ілгерілету бойынша маңыздылық пен жауапкершіліктің артқандығын куәландырады.

Өңірлік жобалау кеңсесі өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті органдармен бірлесіп, криминогендік жағдайдың тұрақты мониторингін жалғастыру, қоғамдық қауіпсіздіктің проблемалық мәселелерінің рейтингін қалыптастыру және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу тапсырылды.

                                     Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.