
2026 жылғы 2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекенов жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №48 және №66 мекемелеріне барды.
Мекемелерге шығу барысында тұрғын аймақтарды, өндірістік нысандарды және режимдік учаскелерді қарау жүзеге асырылды. Прокурор сотталғандарды ұстау жағдайларымен, еңбекпен қамтуды ұйымдастырумен, өндірістік қызметтің жай-күйімен, сондай-ақ мекемелердің материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуімен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өткізілді, оның барысында мекемелер қызметінің өзекті мәселелері қаралды, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері, орын алған проблемалық аспектілер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Қызметтің жекелеген бағыттары бойынша оң нәтижелер атап өтіліп, өңірдің қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.