«Құқықтық дәріхана» – әр азаматқа қолжетімді құқықтық көмек және құқықтық сауаттылықты арттыру

«Құқықтық дәріхана» – әр азаматқа қолжетімді құқықтық көмек және құқықтық сауаттылықты арттыру

 2026 жылғы 2 маусымда облыс прокуратурасының қызметкерлері кезекті апта сайынғы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Акцияның басты мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.

Жеке консультациялар форматында азаматтар прокурорлардан өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алды, ал кейбір мәселелер кейіннен шешу үшін бақылауға алынды.

Мәселен, акция аясында облыс орталығының тұрғынына есептелген салық төлемдерінің заңдылығы бойынша түсіндірме беріліп, салық декларациясын тапсыру тәртібі жөнінде ұсыныстар жасалды.

Тағы бір жағдайда, облыстың Шал ақын ауданының тұрғынына баласының мектепке дейінгі білім беру ұйымына барғандығы үшін артық төленген қаражатты қайтару мәселесі сол жерде шешілді.

Акция барысында облыстың 137 тұрғыны түрлі мәселелер бойынша қабылданды. Жыл басынан бері прокурорлар 19 акция өткізіп, олардың барысында 1 200-ден астам азамат қабылданды.

«Құқықтық дәріхана» өз жұмысын жалғастыруда – әр сейсенбі күні Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және т.б.) өткізіледі.

                                     Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.