
Әрбір бала қауіпсіз балалық шаққа, қамқорлыққа және қорғалуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы отбасын, ананы, әке мен баланы қорғауға кепілдік береді. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Облыстық қадағалау органының басшысы Ержан Дүйсекенов атап өткендей, бүгінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қатысты қылмыстар күрделі әлеуметтік мәселе болып табылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балаларды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау мәселелері уәкілетті мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Қазіргі жағдайда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық, қадағалаусыз қалудың және жасөспірімдер ортасындағы өзге де жағымсыз құбылыстардың алдын алу мәселелері ерекше өзектілікке ие.
Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы жүргізген талдау қабылданған шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігі және профилактикалық қызметті күшейту қажеттілігі анықталды. Тәуекел тобына жататын жасөспірімдер уақтылы анықталмайды, ал кәмелетке толмағандар арасындағы жекелеген жағымсыз құбылыстар назардан тыс қалып отыр. Әлеуметтік осал жағдайдағы жасөспірімдерге, сондай-ақ балалардың заңсыз мінез-құлқына ықпал ететін факторларды уақтылы анықтауға ерекше назар аудару қажет.
Проблемалық мәселелерді талқылауға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, Білім басқармасының, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары, мектеп директорлары, полиция, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанова қатысты.
Облыс прокуратурасының басқармасында анықталған кемшіліктерді ескере отырып, профилактикалық жұмысты жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және кәмелетке толмағандар арасындағы балаларды қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдау мәселелері қаралды, алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар айқындалды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.