СҚО оқушылары құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты

СҚО оқушылары құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты

2026 жылғы 20 мамырда Солтустік Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Қутқарушының бір күні» атты ауқымды профилактикалық акция өткізілді.

Іс-шара шеңберінде оқушылар үшін полиция бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Акция қатысушыларына өрт сөндіру техникасы, арнайы автокөліктердің жабдықталуы көрсетіліп, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Акциямен барлығы 350-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім қамтылды. Іс-шаралар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау және құтқару саласындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы