Облыс прокурорлары құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді

Облыс прокурорлары құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 14 мамырда сағат 17:00-де облыс прокуратурасы ресми Instagram парақшасында тікелей эфир өтті.

Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері жазылғандар мен көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ есірткі қылмысының, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша өзекті түсініктемелер берілді.

Облыс  прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында халықты ақпараттандыруды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы