«Құқықтық дәріхана» - әркімге жедел және қолжетімді заң көмегі

«Құқықтық дәріхана» - әркімге жедел және қолжетімді заң көмегі

Бүгін 12.05.2026 жылы Тимирязев, Аққайың, Жамбыл, Шал ақын ауданы, Петропавл қаласы және облыстың басқа да аудандарының прокуратурасының қызметкерлері кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Бұл акция халықтың құықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың проблемалық мәселелерін уақтылы анықтау, заңнаманы құқықтық түсіндіру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мысалы, акция шеңберінде Тимирязев ауданының тұрғыны өзін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабының 1-бөлігі бойынша азаматтық қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартумен келіспеушілік туралы  шағыммен жүгінген.

Қабылдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі талап етіп алдырды, оны зерделеу барысында бұзушылықтар анықталды. Аудан прокуратурасы оның күшін жоюды талап етіп, жауапкершілікке тарту туралы қаулыға наразылық білдірді.

Тағы бір жағдайда Шал ақын ауданының тұрғыны Сергеевка қаласының үйлердің маңайын абаттандыру мәселесін көтерді.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Сергеевка қаласының тұрғындарымен абаттандыру ережелерін бұзатын заңнаманы түсіндіру, қажет болған жағдайда әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау бойынша жұмысын үйлестірді.

Акция барысында түрлі мәселелер бойынша облыстың 148-ге жуық тұрғыны қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 17-ге жуық акция өткізіп, 1000-нан астам азамат қабылданды.

«Құқықтық дәріхана»-әр сейсенбі сайын Петропавл қаласында  «Рахмет» СҮ-де және облыстың аудан орталықтарында (ОСО, ХҚКО, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және т.б.) өз жұмысын жалғастырады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы