СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды

СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды

Прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жүргізілген талдау шеңберінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Қызылжар ауданының жер пайдаланушысы кодекс талаптарына қайшы, ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 241 га су қорының жер учаскесін пайдаланбаған.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын су қорының аталған жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттің бұзылған мүдделері қалпына келтірілді және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Қадағалау органы заңдылықты қамтамасыз ету және жер қатынастары саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы