
Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 12 мамырда сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласындағы колледждердің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізеді.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының, Солтүстік Қазақстан облысының Полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары, өңірдің спортшылары, сондай-ақ №50 және №48 (БКБ режимінде) мекемелердің сотталғандары қатысады.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара барысында жастар арасында қылмыс жасаудың себептері мен салдары, соның ішінде есірткіні тарату, бұзақылық және алаяқтық талқыланады.
Өтетін орны: Петропавл қ., Оқушылар сарайы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55А.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.