
Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Облыс прокуратурасының қызметкерлері прокуратура органдарының ардагері – Сапар Дүйсенұлы Дүйсеновтың және Совет кеңес одағының батыры Садық ӘбдІжаппаровтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – елге адал қызмет еткен, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосқан тұлғалардың еңбегін құрметтеу, олардың жарқын бейнесін жас ұрпаққа үлгі ету.
Рәсім барысында қатысушылар батыр тұлғалардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, олардың кәсіби жолы мен адамгершілік қасиеттері жайында жылы естеліктер айтылды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.