Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті.

2026 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты оқушылардың велосипедтер мен самокаттарды басқару кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларда жол жүрісі қағидаларын сақтаудың орнықты дағдыларын қалыптастыру болды.

Акцияға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыстың орта мектептері жанынан құрылған жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері қатысты, қамтылуы 1000-нан астам оқушыны құрады.

Прокуратура полициямен және білім бөлімдерімен бірлесіп велосипедтер мен самокаттарды қауіпсіз басқару бойынша  тәжірибе  сабақтар ұйымдастырды. Оқушыларға жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық үлгілері көрсетілді, сондай-ақ интерактивті оқыту элементтері ұсынылды.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзінің, сондай-ақ айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.