Солтүстік Қазақстан облысында «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық іс-шара өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Кәсіпкерлермен диалог»  профилактикалық іс-шара өткізілді

2026 жылғы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» Идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық іс-шара өтті, оған облыстың мемлекеттік кіріс органдарының, Кәсіпкерлер палатасының және уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара маңызды ақпараттар ұсыну және салық заңнамасының жаңа ережелерін қолдануды, сондай-ақ кәсіпкерлердің «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа Заңды іске асыруға тікелей қатысуының практикалық сұрақтарына жаңартылған ақпарат пен жауаптар беруге бағытталған.  

Акция 200-ден астам кәсіпкерлік субъектілерін қамтыды.

Облыс орталығында өткен іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады.

                                    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.