Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

2026 жылғы 24 сәуірде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды акция «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» өткізілді.

Іс-шара барысында аймақ кәсіпкерлері ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қолдау көрсетті.

Сөйтіп, Шал ақын ауданында «Алтын Астық КЗ» ЖШС 182 адам тұратын Ступинка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салуда.

Бұл жобаны іске асырудың әлеуметтік маңызы зор, себебі ол ауыл тұрғындарын қолжетімді және уақтылы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етеді, медициналық көмектің сапасын жақсартады және ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтады.

Аққайың ауданында «Полтавское» ЖШС-і өз қаражаты есебінен Полтавка ауылындағы оқу орнында ақпараттық технологиялардың заманауи сыныбын жабдықтап, оны қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етті, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуына және өскелең ұрпақты қолдауға ықпал етті.

Бұл жобаның негізгі мақсаты-оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, ғылым мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ мектеп оқушыларын олимпиадаларға, байқауларға және ғылыми жобаларға қатысуға дайындау.

Мамлют ауданында «Денсаулық рецепті» ЖШС Новомихайловка ауылында жылжымалы дәріхана ұйымдастырды.

Кәсіпкердің аталған жобаны жүзеге асыруы 750 тұрғынның дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған және денсаулық пен әлеуметтік әл-ауқат деңгейін сақтауға ықпал етеді.

Жүргізілген іс-шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы серіктестікті дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Көрсетілген форматтағы жұмыс жалғасады.

Солтүстік Қазақстан облысының  прокуратурасы