
2026 жылғы 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында «Ұрлыққа тосқауыл қой, мүлкіңді қорға!» акциясы өткізілді.
Іс-шара облыстың барлық аумағында өтті. Акцияға прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен студенттер қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты халықтың назарын ұрлықтың алдын алу мәселелеріне аудару, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ мүліктік құқық бұзушылықтар жасаудың құқықтық салдарын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар мен облыс тұрғындарына жеке мүлік ұрлығының алдын алу шаралары, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары, велосипедтердің, ұялы телефондардың, ақша қаражаты мен банк карталарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері түсіндіріліп, 8 000-нан астам ақпараттық брошюра таратылды.
Прокуратура ұрлықтың алдын алу мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтеді. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарау және заңды құрметтеу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды шарты болып қала береді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.