Солтүстік Қазақстан облысы прокурорлары проблемалық борышкерлерді жауапкершілікке тартты

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорлары проблемалық борышкерлерді жауапкершілікке  тартты

Қадағалау органының үйлестіруімен жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (бұдан әрі – ҚК) бойынша 4 алимент төлеуден жалтарған борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды, ал тағы 2 тұлғаға қатысты іс сотта қаралуда.

Мысалы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға арналған алимент міндеттемесін 6 айдан астам уақыт орындамаған, 1,6 млн теңге берешегі бар борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК) 669-бабына сәйкес 52 қасақана борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 26 іс прокурорлармен қозғалған қаулылардың негізінде.

Осылайша, Уәлиханов аудандық сотының 2026 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 669-бабына сәйкес, аудан прокурорының бастамасымен жүргізілген іс бойынша алимент бойынша борышкер 3 күн мерзімге қамауға алынды.

Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарды жою мақсатында алимент өндіру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына 14 ұсыну жіберіліп, 14 сот орындаушысы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өңір бойынша алимент берешегі 2,3 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Аталған мәселе бақылауда, тиісті жұмыс жалғасуда.

                               Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.