Есірткі бизнесіне соққы

Есірткі бизнесіне соққы

Есірткі зертханаларының қызметін анықтау және тоқтату есірткі бизнесімен күресудің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері шекара қызметінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, жедел-тергеу шаралары кезеңінде екі есірткі зертханасын жойды.

Қылмыстық әрекет басқа өңірлерде жүзеге асырылғаны анықталды.

Тергеу амалдары барысында қадағалау және аумақтық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау нәтижесінде 200 кг астам синтетикалық есірткі, сондай-ақ оларды өндіруге арналған 4 тоннадан астам түрлі прекурсорлар тәркіленді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-1 бабы бойынша (сату мақсатында есірткі, психотроптық заттар мен олардың баламаларын заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Күдіктілерге мүлікті тәркілеумен бірге 10 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, балама шараларсыз.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Азаматтардан сақ болуын сұраймыз: күдікті жүктер, табылған заттар және нәрселер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

                                     Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.