СҚО прокуратурасының командасы құқық қорғау органдары арасындағы футзал турниріне қатысты

СҚО прокуратурасының командасы құқық қорғау органдары арасындағы футзал турниріне қатысты

2026 жылдың 18 наурызында Александр Винокуров атындағы спорт сарайында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдары арасында футзалдан турнирдің жабылу салтанаты өтті.

Наурыздың 17-сі мен 18-і аралығында өткен жарысқа облыстың күш және құқық қорғау органдарының 12 командасы, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы 3-орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.