М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Конституция жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Конституция жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде прокуратура органдарымен оқытушылардың, студенттердің, әділет органдарының қатысуымен «Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру, Конституцияның мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі рөлін талқылау. Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттарын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы заңдылықты сақтаудың маңыздылығын қарастырды.

Прокуратура өкілдері студенттерге Конституцияның ел заңнамасы жүйесіндегі маңыздылығы, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы айтып берді.

Студенттер мен оқытушылар талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мемлекеттің дамуы туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға  ықпал етеді.
  

                                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.