
2026 жылғы 5 наурызда облыс прокуратурасының бастамасы бойынша Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде «Қауіпсіздік мектебі» жобасы басталды.
Акцияның мақсаты кәмелетке толмағандардың тұрмыста, жолда және Интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдерді құқыққа қарсы іс-әрекетке тартудың алдын алу болып табылады.
Акцияға прокуратура, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ТЖ, Білім және денсаулық сақтау қызметтерінің өкілдері қатысты.
Жоба аясында Петропавл қаласының барлық бастауыш сынып оқушыларына (5000-ға жуық оқушы онлайн қатысқан) қауіпті жағдайларда мінез-құлық ережелері мен алгоритмдерін көрнекі көрсете отырып, интерактивті сабақ өткізіледі.
Прокуратура кәмелетке толмағандарда қауіпсіз мінез-құлықтың практикалық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтеді.
Қала аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтар мен олардың жарақаттануының алдын алу жұмыстары жалғасатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.