Осы аптада облыс бойынша жаппай «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетіліп, сондай-ақ «Батыры ВОВ: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов» деректі фильмінің тизері ұсынылды.
Кино көрсетілімге 1200-ден астам мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
«Капитан Байтасов» фильмі қызметтік борышы, ар-намысы және қоғам алдындағы жауапкершілігі бәрінен жоғары тұратын офицердің бейнесін ашады. Картина шынайы ерлік тек ұрыс даласында ғана емес, батылдықты, принципшілдікті және антқа адалдықты талап ететін күнделікті жанқиярлық қызметте де көрініс табатынын айқын көрсетеді.
Көрермендерге ерекше эмоциялық әсер қалдырған «Батыры ВОВ: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов» деректі фильмінің тизерінде 1945 жылы Рейхстагты шабуылдау кезіндегі батырлардың ерлігі баяндалады. Олардың батылдығы мен жанқиярлығы қайсар рух пен Отанға адалдықтың символына айналды. Бейнеролик кадрлары қатысушыларға соғыс жылдарының атмосферасын сезінуге, тарихи оқиғаның ауқымын және әрбір батырдың жеке ерлігінің тереңдігін ұғынуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында көркем образдар, нақты оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы бейбітшіліктің, еркіндіктің және ел болашағы үшін жауапкершіліктің құндылығы туралы түсінік қалыптасатыны, бұл рухани-адамгершілік қасиеттерді нығайтуға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және жастарды патриоттық тәрбиелеуге ықпал ететіні атап өтілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.